Өңірге жұмыс сапарымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов келді. Сапар аясында қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар маңызды нысанды аралап, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.