Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты шара өтті. Өңірдің эколог мамандары мен сурет байқауына қатысып, үздік атанған жас қылқалам иелері марапатталды. Экология департаментімен етене жұмыс істеп, қоршаған ортаның дамуына өзіндік үлес қосқан мұнай компанияларының еңбегі де елеусіз қалмады.