Жазғы демалысын қызықты өткізіп жатқан «Campit» демалыс орталығындағы балаларға құзырлы сала мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, киберқауіпсіздік, жеке қауіпсіздік, достық пен өзара сыйластық тақырыптары кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар, мамандар мұндағы балалардың сұрақтарына нақты әрі түсінікті жауаптар берді. Шараға демалыс орталығында тынығып жатқан 100-ге жуық бала қатысты. Басты мақсат - жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.