Облыс аумағында "Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Рейд барысында мемлекетке берешегі бар азаматтар анықталып, олардың көліктері қарызын өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылады. 


Жыл басынан бері бірыңғай ақпараттық ресурстар кешені және көшедегі бейнебақылау камераларының арқасында қарызын өтемей жүрген 70 тұрғын анықталды. Бүгінгі күні облыста баласына алимент төлеуден жалтарған 14 мыңға тарта әке бар. Оның төртеуі қылмыстық жауапқа тартылса, 150 азаматқа әкімшілік жаза тағайындалды. 


109 адамға іздеу жарияланды. Алимент бойынша қарыз 10 млрд теңгеден асады.