Ақтөбе облысы 350 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуда: бес ірі жоба мақұлданды. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен өңірлік инвестициялық штабтың отырысында айтылды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының өңірлерге инвестиция тарту, экономикалық өсуді жеделдету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.