Халықаралық музей күніне орай Шалқар ауданында ашық аспан астында мәдени-көпшілік шара өтті. Мөңке бидің 350 жылдығы мен Жеңістің 80 жылдығы аясындағы арнайы бұрыштар мен жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, музей қорындағы тарихи маңызы зор құндылықтар да жұртшылыққа кеңінен таныстырылды.