Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың есірткі тасымалдауы ісі бойынша 1 дерек тіркелді. Іс сотқа жолданды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл қауіпті індет оқушылар арасында да белең алды деген сөз. Сондықтан полицейлер халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектептерді аралап, түсіндіру жұмыстарын бастады. Бүгінгі шара №78 мектепте өтті.