Шаһардағы жылы аялдамалардың қатары артпақ. Кәсіпкерлердің қолдауымен тағы 25-і салынады. Қоғамдық көлікті күту орындары үшін бюджеттен бір тиын да бөлінбейді. Кәсіп иелері конкурстық негізде павильонға орын алып, бір бөлігіне жеке бизнесін жүргізеді. Ал, екінші жағы жолаушылардың күту алаңы болмақ. Кәсіпкерлер жергілікті атқарушы органмен келісімшарт аясында жұмыс істейді.