Медицинада мүмкіндік мол, тек білімді маман қажет. Бұл тәжірибелі травматолог Айдын Жылгелдінің пікірі. Ол жас та болса бес жылдық еңбек өтілінде талай жанның аяқтан тұруына септігін тигізді. Ашық сүйек сынуы, күрделі буын оталарына қатысып, олардың қалыпты өмірге қосылып кетуіне жағдай жасады. Бүгін дүниежүзілік травматолог күні білікті маманмен тілдестік.