Облыс аумағында 205 өрт тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза тапты, 5 адам түрлі дене жарақатын алды. Тілсіз жау 50 млн теңгеден астам материалды шығын әкелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді.