Биыл аймақта үйірлі шегіртке көбейіп кеткен. Италиялық және азиялық шегіртке түрінің шамадан тыс көбеюі шаруалардың егіс алқабына зиянын тигізеді. Сондықтан күрес жұмыстары ерте басталып кетті. Өңделетін аумақтың көлемі - 500 мың гектардан асады. Бүгінге дейін 6 мың гектардан астам аумақ өңделді.