Сондай-ақ "Тәуелсіз Қазақстанның Халық батырлары" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрда "Әлия" мюзкилін тамашалады.

Шығармада оның ауыр балалық шағы, әскери өмірі және майдандағы ерлігі көрініс табады. Әлияның қайсарлығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі драмалық тартыстар мен әсерлі диалогтар арқылы ашылған.

Музыкалық сүйемелдеумен өрнектелген қойылым батыр қыздың бейнесін өзге қырынан танытып, еріксіз көзге жас үйіртеді. Елордадан келген меймандар қойылымды ерекше ілтипатпен қабыл алды.