"Ақтөбе су Энержи групп" акционерлік қоғамы сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау желілерін ауыстыру бойынша жұмысты бастады. Қаланың 10 көшесінде 16 шақырым су құбыры желілерін жөндеу жоспарланған. Төрт көшенің жеті жарым шақырымдық кәріз желілері жаңартылса, сегіз көшеде 4 шақырым жылумен жабдықтау желілері ауыстырылады.