Астана ауданына қарасты 8 тұрғын алапта 51 шақырым жолға қиыршық тас төселіп жатыр. Қазіргі уақытта қолға алынған жұмыстың 90 пайызға жуығы орындалған. Аудан әкімі мамыр айының соңына дейін жоспарлы жұмыстарды аяқтап, тұрғын алап тұрғындарының игілігіне беруге уәде етті.