Ақтөбеге іссапармен келген "Тәуелсіз Қазақстанның Халық батырлары" республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлігіне тағзым етті.
Шараға Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Серік Ақшолақов, Құралай Бәйменова және Аягүл Миразовалар қатысты. Одан соң делегаттар Әлия Молдағұлованың мемориалдық музейіне барды.
Меймандар жуырда жаңартылған мұражай ішін аралап, батырдың өмірі мен ерлік жолынан сыр шертетін жәдігерлер танысты. Ал "Өнер орталығында" егеменді еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалардың есімін ұлықтауға арналған "Халық қаһармандары мен Қазақстанның Еңбек ерлері" атты 4-ші конференция ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – халық батырлары мен еңбек ерлерінің ерлігін, еңбегін жастарға насихаттау, отансүйгіштік пен рухани тәрбие беру.