"Көргенше алаңмын, Аңсаймын толғанам, Қабыл ал балаңның

Сәлемін жолдаған!"... Ана үшін алыстағы перзентінің амандығын білуден асқан бақыт жоқ болар?! Әсіресе құлыны сағынышын телефон тақтайшасы арқылы емес, қағазға жазып жіберсе әсердің тіптен бөлек болары сөзсіз. Сондықтан бүгін 30/238 әскери бөлімінің сарбаздары қолға қалам ұстап, аналарына хат жазды.