Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы Ұлы жеңістің 80 және Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай 300-ге жуық адамды мерейтойлық төсбелгімен марапаттады. "Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" конференциясына жиналғандар еліміздің қорғаныс саласында қызмет еткен зейнеткерлер, бұрынғы полиция қызметкерлері, дәрігерлер және ауған соғысының ардагерлері. Жиында жеңіске үлес қосқан батырлар ерлігі, ұрпақ тәрбиесі, ардагерлерді қолдау туралы ой-пікірлер айтылды. Шара тізгінін ұстаған мүгедектер қоғамының төрағасы Алмаз Жантекенов.