Ұлттық банк қызметкерлері қаржы саласында ғана емес, спортта да осал емес. Бұған дәлел- банкирлер арасында өткен спартакиада. Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі филиалдары арасында шағын футболдан және волейболдан турнир ұйымдастырылды. Спорттық шара Ұлы жеңістің 80 жылдығы, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған. Спартакиадаға Ұлттық банктің Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан бөлімшелерінің мамандары қатысып, өзара мықтыны анықтады.