Қиғаш қас. Оймақ ауыз. Қарақат көз. Бұл - «Бұрымды ару -2025» облыстық байқауына қатысқан аруларға тән басты белгілер.
Қаладағы Геолог мәдениет үйі Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай бұрымдылар сайысын ұйымдастырды.
Арулардың көздің жауын алар сәнді киім үлгілері олардың бұл байқауға асқан дайындықпен келгенін байқатты.