Атаулы күн қаладағы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықта да аталып өтті. Мекеме тұрғындары ұлттық нақышта киініп, салт-дәстүр мен спорттық ойын түрлерінен бақ сынады. Қазан асып, киіз үй тігіп, мерекенің лебі сезілді. Көпшілік наурыз көжеден дәм татып, Ұлыстың ұлы күнін тойлады. Айта кеткен жөн, мұнда қазір 39 адам тұрады. Оның 9-ы ана, қалғаны балалар.