Цифрлық әлемде қауіпсіздік мәселелері өте маңызды. Жеке деректерді қорғау, интернеттегі алаяқтықтан сақтану жолы өз тиімділігін көрсетті ме? Жасанды интеллект қаншалықты қауіпті? Дәл осы тақырып студенттер арасындағы аймақтық пікірталас турниріне арқау болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 32 команда сайысқа түсті.