Ел тыныштығы үшін еңбек етіп, құқық қорғау саласында қызмет атқарған 120 ардагер бас қосты. Олардың қатарында сот жүйесі, білім, медицина, теміржолда жұмыс істеген азаматтар бар.

Қазір олар зейнет жасында болса да, қоғамдық істердің алдыңғы шебінде жүр. Мерекелік шара барысында 16 ақсақал қоғам қайраткері куәлігін алды.