Атом электр стансасында инженерлердің атқарар жұмысы мол. Құдайберген Жұбанов атындағы университеті Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ербол Жақсылықұлының айтуынша, мұндай ірі жобада жұмыс істеуге әзір мамандардың саны елімізде 400-дің ғана шамасында.

Сондықтан стансаның 10 жылдық құрылысымен қатар маман даярлау ісі де қарқынды жүруі керек.