Шалқар ауданының Қаратоғай ауылында медициналық пункт ашылды. Сөйтіп жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтер қолжетімді бола түсті. Нысан «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Мұнда қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар. Құрылысқа 140 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Маратжан Қажғалиев өңірде осы бағыттағы жұмыс жалғаса беретінін жеткізді