Жыл сайын өңірде мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие немесе грант ұтып, кәсіпкерлікке ден қоюшылардың саны артып келеді. Мәселен, көпбалалы ана Гүлсана Әбдіғалиева «Zhas project» бағдарламасы аясында өз бизнес жобасын ұсынып 1 млн теңге грантқа ие болды. Грант иегері қала балабақшаларының бір бөлігінде сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы кабинет ашты.