Тасқын кезінде су шайған Ырғыз-Нұра бағытындағы жол қайта қалпына келтіріледі. Ал алдағы уақытта бұл бағытқа жобалық-сметалық құжат дайындап, күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Айтып өтейік, бұл көтерме жол 1970-1975 жылдар аралығында салынған. Жолдың бойында екі көпір бар. Сол көтерме жолдың бірнеше бөлігі қазір жарамсыз күйге түскен. Қатынасты қайта қалпына келтіру үшін көпірдің техникалық жағдайы қосымша тексеру мен зерделеу қажет етіп тұр. Айтып өтейік, жол Нұра, Мамыр, Белшер және Дүкен елді мекендерін аудан орталығымен байланыстырады. Жалпы ұзындығы — 90 шақырым.