Аймақта "Жас проджект" жобасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Конкурсқа 18 бен 35 жасқа дейінгі әрі "neet" санатындағы жастар қатыса алады. Әрбір қатысушы бір ғана жоба ұсынады. Басты талап - Қазақстан азаматы болу. Сонымен қатар, облыста тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуыңыз керек. Байқау ережесі бойынша іріктеуден өткен 14 жеңімпазға 1 млн теңгеден грант беріледі. Ескерту аталмыш жобаға бұрын сонды қатысып, грант жеңіп алған үміткерлер бұл жолы қатыса алмайды. Ал өтініш қабылдау жұмыстары 14-ші мамырға дейін жалғасады.