Жыл басынан бастап кейбір коммуналдық қызметтер тарифі 15% пайызға өсті. «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамының мамандары мұны биыл елдегі жалақының ұлғаюымен және стратегиялық тауарлар құнының өсуімен байланыстырады. Сонымен сумен, жылумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтер құнын салаға жауаптылар айтып берді.