Қазақ поэзиясында жас та болса, бүгінгінің Мұқағалиі атанып үлгерган ақын - Ершат Қайболдин. Әдебиетке өзіндік қырымен келген талант иесі арайлы Ақтөбе төрінде дүркіретіп - алғашқы шығармашылық кешін өткізді.
Осылайша, рухани азық іздеп келген көрермен ақынның өлеңдерін өз аузынан естіді. Ал әндерін танымал эстрада жұлдыздары шырқады.