Облыстық соттың төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды. Жаңа төрағаны ұжымға Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкенов таныстырды.
Ол өз сөзінде Айдар Смағұловтың көпжылдық судьялық тәжірибесін, оның жоғары кәсіби біліктілігін, мінсіз қызметі мен еңбекқорлығын атап өтті. Сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Айтып өтейік, Айдар Смағұлов 2017 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарды.