Әйгілі "Досмұқасан" ансамблі ақтөбеліктерді әсем әуенмен қуантты. Өткен жұмада топтың мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті.
Қазақ сахнасында 55 жыл өнер көрсетіп, әлемдік деңгейге жеткен ансамбльдің орындауындағы әндер тыңдарманының жүрегін жаулаған. Аты аңызға айналған топтың әсіресе, "Той жыры" , "Алматы түні", "Куә бол" әндерін естімеген жан кемде-кем.
Концерт тамашалауға келген көрерменнің ықыласы ерекше болды.