Ерінбеген етікші болады. Бүгінде кәсіп бастап, пайда табамын деген кез келген жанға қолдау бар. Икеміңіз бен сұранысты қанағаттандыратын идеяңыз болса жеткілікті. Осылайша өз ісін бастаған, оны мемлекет қостаған жандардың бірі - Гүлім Ерманова. Кәсібін дөңгелетіп отырған ақтөбелікпен тілшіміз тілдесіп қайтты.