Ақтөбе металл құрастыру зауытының жұмысшысы қолын жарақаттап алды. Оған дәрігерлер келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен жас маманды бірден ауруханаға жеткізіп, шұғыл ота жасалды. Бүгінде жұмысшының жағдайы қалыпты. Зауыт әкімшілігі тарапынан аталған өндірістік оқиға туралы құзырлы органдарға хабар берілді.