Жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылық жоғары. Қаладағы С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы ақтөбелік оқырмандардың таңдаулы оқу орны. Күніне жүздеген жанға есік ашатын кітапхананың оқу залдары да жанға жайлылық сыйлайды. Сан алуан тақырыптағы кітап қоры да көпшіліктің сұранысына сай жасақталған.