Қаладағы тергеу изоляторына ұялы телефон жеткізу әрекетінің жолы кесілді. №70 мекемеде жүргізілген тексеру барысында сотталған азаматтың атына келген сәлем-сауқаттың ішінен жасырылған телефон табылды. Ол тауық етінің арасына мұқият жасырылған. Тыйым салынған затты жеткізген 39 жастағы азамат ұсталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта іс материалдары сот қарауына жолданды. Құқық қорғау органдары мекемелерге тыйым салынған заттарды өткізудің кез келген әрекеті заң аясында жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.