Қоғам мәдениетінің дамуына үлес қосып, рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген өнер майталмандары өңірімізде аз емес. Солардың бірі - музыка әлемін өмірінің мәніне айналдырып, таланты мен еңбегін мәдениет саласына арнап келе жатқан Игорь Быць. Ол 23 жылдан бері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.