Облыста мемлекеттік қызметкерлердің 38 пайызы жастар. Ел ісіне жастарды араластыру, жаңа буынды көптеп тарту ісіне кадрлық резерв жобасының ықпалы мол. Бүгін мемлекеттік қызметтегі жастар студенттермен кездесіп, кадрлық резервке өту шарттары туралы баяндады.