Әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін қаланың халық көп шоғырланған аумақтарында, ауылдық округтерде өткізу үрдісі жалғасуда. Қарашаның төрті күні Жаңақоныста, Орталық стадионда, "Алтай", "Аида", "Дастан" және "Табыс" базарларында өтеді. Жәрмеңкеде тұрғындарға өңіраралық кооперация негізінде өзге облыстардан әкелінген өнімдер және өзіміздің жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады. Базардағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатылады деп күтілуде.