Облыс орталығында әр сенбі сайын күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда. Кестеге сәйкес, кезекті жәрмеңке ертең, қазанның 21-күні Қурайлы ауылдық округінде, орталық стандионда, "Алтай", "Аида", "Достан" және "Табыс" базарларында ұйымдастырылады. Қала тұрғындарына тұрақтандыру қорының өнімдері, өзге облыстардан өңіраларық кооперация аясында әкелінген өнімдер және өзіміздің "Айс плюс", «Анвар», «ЕвразианФудсКорпорейшн», «Аққұс», «Рамазан», «Жазық Групп» сияқты шаруашылықтардың тауарлары ұсынылады. Жәрмеңкеде баға 10-15 пайызға төмен болады деп күтілуде.