2 МЛН ТОННАДАН АСТАМ МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
Аймақта қысқы маусымға 2 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды. Облыс әкімі Асхат Шахаров алдағы қысқы маусымға мал азығын әзірлеу кезеңіне қажетті жемшөп қорын толық қалыптастырып, өңірдің елді мекендерінде жем-шөп тапшылығына жол бермеуді тапсырды. Мәселе облыс әкімі төрағалық еткен аппарат мәжілісінде қаралды.