ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Жылыту маусымы басталды. Дәстүр бойынша алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріліп, кейін дайындық деңгейіне қарай тұрғын үйлер жылыту жүйесіне қосылады. Коммуналдық қызмет мамандары қажетті жұмыстардың атқарылғанын айтып отыр. Қазірдің өзінде екі жүзден астам көпқабатты үйге жылу берілді.