Негізгі Жаңалықтар "ҚАУІПСІЗ ҮЙ" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ 

"ҚАУІПСІЗ ҮЙ" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ 

Тұрғын үйлер мен аулалардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 5 қарашаға дейін жалғасатын акция барысында полицейлер тұрғындармен бірлесіп құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпті аумақтарды анықтауға күш салады. Тәртіп сақшылары көпқабатты үйлердің аулалары мен жалдамалы пәтерлерді, саяжай аумақтары мен қараусыз қалған нысандарды тексеруде. Профилактикалық жұмыстар кезінде учаскелік инспекторлар тұрғындармен кездесіп, сол аймақтың проблемаларына зер салмақ. Бұл мақсатта арнайы QR-код жазылған ақпараттық парақшалар орналастырылып, таратылады. Оның көмегімен тұрғындар өз ұсыныс-тілектерін жолдай алады. Мәселен, бейнебақылау камераларын орнату, қосымша жарықтандыру, шлагбаум, жаяу жүргіншілер жолын салу сынды азаматтардың өтініштері де назардан тыс қалмайды.

Бөлісу