«ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ОРТАҚ РУХАНИ МҰРАСЫ
Батырлар жырының жауһары- "Қобыланды батыр" эпосы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі мүмкін. Бүгін шымылдығын түрген халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда осы тақырып талқыланды. Отандық және шет мемлекеттерден келген ғалымдар түркі әлеміне ортақ мұраның көркемдік қуаты мен тарихи-мәдени өміршеңдігін паш етті.