ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ
Облыста тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мәселен, биыл Алға қаласының өзінде жеті көпқабатты тұрғын үй жаңғыртылуда. Жұмыс кешенді түрде жүргізіледі. Шатырдан бастап жертөлеге дейінгі барлық нысандар қамтылады. Сонымен қатар, ғимараттардың қас беті жаңарып, үйлер жаңа келбетке ие болмақ. Аталған жобаны жүзеге асыру жарты ғасырға жуықтаған көпқабатты үйлерді қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.