Облыста ауылшаруашылығы жерлерін шегірткеден қорғау жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 580 мың гектардан астам аумақты химиялық өңдеу жоспарланған. Барлық қажетті мемлекеттік сатып алулар аяқталып, мердігерлер анықталды. Қазір облыстың барлық аудандарында зиянкеспен күрес жұмыстары жүргізілуде. Мамандар жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.