24 маусымнан бастап елімізде 2 мың теңгелік ақша айналымнан шығады. Сонымен қатар, 10 мың теңгелік банкноттың да мерзімі аяқталады. Бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданып отыр. Ұлттық банк Сақ стилі сериясындағы 10 мың теңгелік жаңа банкнота мен ескі үлгідегі купюраның айналымда қатар жүру мерзімін 2027 жылдың 27 маусымына дейін ұзартты.