Нақ осындай басқосу шарасы қаладағы тағы бір колледжде ұйымдастырылды. Шара барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылып, қоғамдағы тәртіп нормаларын сақтау әр азаматтың міндеті екені түсіндірілді. Кездесуде құқық қорғау органдарының өкілдері заң бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды.