Облыстық перинаталдық орталықта Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиын барысында медицина қызметкерлеріне 96 баптан тұратын маңызды құжаттың мазмұны жан-жақты баяндалып, преамбуласынан бастап негізгі нормаларына дейін егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесу кезінде қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, спикерлер тарапынан нақты жауап алды. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданысына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.
Мамандар Конституция жобасының ел дамуы үшін маңызын атап өтіп, мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қажеттілігіне тоқталды.