Заманауи үлгіде жабдықталып, білім алуға кең мүмкіндік жасалған келешек мектептері тек білім алушылар үшін ғана емес, мұғалімдер үшін де ашық алаң. Тынымсыз даму мен үздіксіз ізденістің үстінде жүретін ұстаздар үйретуден де үйренуден де жалықпайды. Бүгін олар өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.