Заң мен тәртіп идеологиясы аясында жергілікті медициналық университетте студенттермен кездесу өтті. Болашақ ақ халаттылармен өткен жиынға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қала әкімдігінің өкілдері қатысты. Мұндағы мақсат жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және тәртіптік жүйені қалыптастыру.